06 қар, 2020 сағат 07:10

Ресейдегі қазақстандықтар Мәжіліс сайлауына қалай қатыса алады?

РФ-дағы ҚР Елшілігі сол елдегі қазақстандықтарды сайлаушылар тізіміне тіркелу үшін консулдық есеке біне тұруға шақырды.

Елшіліктің хабарлауынша, 2021 жылдың 10 қаңтарында Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне сайлау өтеді. Ресейдегі ҚР азаматтары Елшіліктде ашылатын №265 сайлау учаскесінде дауыс бере алады.

Сайлау учаскесі Мәскеу уақытымен сағат 07.00 – 20.00 аралығында жұмыс істейді. Мекенжайы: Мәскеу қаласы, Чистопрудный бульвар, 3 «А» (ҚР Елшілігінің ғимараты).

Сайлаушылар тізіміне тіркелу үшін РФ-дағы ҚР Елшілігінің консулдық есебіне тұруға кеңес беріледі. Сұрақтар туындаған жағдайда жұмыс күндері шұғыл желі нөміріне +7 (925) 897 71 14 (#1 ішкі нөмір) хабарласуға болады.

Мәскеуден бөлек, Қазақстан Республикасының Бас консулдықтары жанында ашылатын сайлау учаскелерінде дауыс беруге болады (Санкт-ПетербургҚазанАстраханьОмбы қалалары). 

Сайлау учаскесіне келгенде өзіңізбен бірге ҚР азаматының жеке куәлігі немесе паспорты болуы керек. Ағымдағы эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, маскалық режим мен әлеуметтік ара-қашықтықты сақтау қажет.