28 қаз, 2020 сағат 21:03

Ресейдегі қазақстандықтар Мәжіліс сайлауына қалай қатыса алады?

2020 жылдың 10 қаңтарында Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне сайлау өтеді. Ресейдегі ҚР азаматтары еліміз Елшілігінде ашылатын №265 сайлау учаскесінде дауыс бере алады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Елшілік сайтына сілтеме жасап.

Сайлау учаскесі Мәскеу уақытымен сағат 07.00 – 20.00 аралығында жұмыс істейді. Мекенжайы: Мәскеу қаласы, Чистопрудный бульвар, 3 «А» (ҚР Елшілігінің ғимараты).

Сайлаушылар тізіміне тіркелу үшін РФ-дағы ҚР Елшілігінің консулдық есебіне тұруға кеңес беріледі. Сұрақтар туындаған жағдайда жұмыс күндері шұғыл желі нөміріне +7 (925) 897 71 14 (#1 ішкі нөмір) хабарласуға болады. 

Мәскеуден бөлек, Қазақстан Республикасының Бас консулдықтары жанында ашылатын сайлау учаскелерінде дауыс беруге болады: 

Санкт-Петербург қаласы – http://gov.kz/memleket/entities/mfa-s-petersburg?lang=ru

Қазан қаласы – http://kzkazan.ru/ru г.Астрахань – www.gov.kz/memleket/entities/mfa-astrakhan?lang=ru

Омск қаласы – www.kz-omsk.ru

«Сайлау учаскесіне келгенде өзіңізбен бірге ҚР азаматының жеке куәлігі немесе паспорты болуы керек. Ағымдағы эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, маскалық режим мен әлеуметтік ара-қашықтықты сақтау қажет», - делінген сайтта.