31 шіл, 2020 сағат 21:53

Ресейде жоғары оқу орындарында маска тағу міндеттелді

Ресейде жоғары оқу орындарында маска тағып жүру міндеттелді, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Жаңа оқу жылында жоғары оқу орындарында маска тағып жүру міндетті талапқа айналады, деп мәлім етті Ресей білім министрлігінің баспасөз қызметі. 

«Оқу процесін ұйымдастыру кезінде жаңа коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары қатаң сақталады» деп атап өтті ведомство басшысы Валерий Фальков. 

Сабаққа кімдер маска тақпай келе алады? Министрліктің мәліметінше, ағзасында вирусқа антидене бары анықталған студенттер мен оқытушыларға маскасыз жүруге рұқсат етілген. Олар соны дәлелдейтін анықтаманы ұсынуы тиіс. 

Оқытушылар лекция оқып жатқанда маскасын шешіп қойса болады. 

Баспасөз қызметінің нақтылауына қарағанда, студенттер мен оқытушыларды университет әкімшілігі маскамен қамтамасыз етуге міндетті.