#
#
Сейсенбі 07/07/2020

Ресейде Жеңіс парады 24 маусымда өтеді

  • 26.05.2020
  • 0
  • 189

РФ Президенті Владимир Путин Қорғаныс министрі Сергей Шойгумен болған жиналыста Жеңіс парадының 24 маусымда өтетінін жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ресейдің ТАСС аггенттігіне сілтеме жасап.

«Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығына орай Ресей астанасы Мәскеу мен басқа да қалаларда әскери парадқа дайындықты бастауды бұйырамын. Біз оны 24 маусымда, 1945 жылы Мәскеу түбінде соғысқан және Ленинградты қорғаған, Еуропаны азат еткен, Берлинді шабуылдап басып алған майдангерлердің Қызыл алаңда жүріп өткен күні, даңқты, тарихи жеңімпаздар парады болған күні өткіземіз», - деп бұйрық берді РФ Президенті. 

Путин Шойгуға парадқа қатысушылардың денсаулығына төнетін кез келген қауіптің алдын алуды тапсырды. 

«Сізге парадты өткізу және оған дайындық кезінде қатаң қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуді бұйырамын. Оның барлық қатысушыларына төнетін қауіп мүмкіндігінше төмен болуы керек», - деді Путин. 

Президент мұндай шешімді елдің көптеген өңірлеріндегі және Қарулы Күштердегі жағдайдың жұқпалы аурудың тарауы шарықтау шегінен өткенінен соң тұрақтағанын ескере отырып қабылдағанын түсіндірді. 

Сондай-ақ, ол «осы қиын уақытта әскерде оқу-жаттығу өтіп, Ресей қорғанысын қамтамасыз етудегі маңызды тапсырмалар шешілгенін, осы жылы әскер қатарына шақырылған азаматтардың қабылданған профилактикалық шаралардың арқасында инфекция таралу қаупінен барынша қорғалғанын атап өтті. 

РФ Мемлекет басшысы парадта көрермендердің болатынын нақтыламады. 

Еске салайық, бүгін РФ президенті Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты 24 маусым күні Мәскеуде өтетін Жеңіс парадына құрметті қонақ ретінде қатысуға шақырды. Қазақстан Президенті шақыртуды ризашылықпен қабыл алды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар