22 қыр, 2020 сағат 15:33

Ресейде Су-30 ұшағы апатқа ұшырады

Сейсенбі күні Тверь облысында Су-30 истребителі жоспарлы оқу-жаттығу ұшуын өткізіп жатқанда апатқа ұшырап, ұшақ экипажы катапульталанды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

«22 қыркүйекте Тверская облысында жоспарлы оқу-жаттығу ұшуын өткізіп жатқан Батыс әскери округінің Су-30 ұшағы апатқа ұшырады. Экипаж сәтті катапульталанып, жерге қонғаннан кейін ұшқыштар байланысқа шықты», - делінген хабарламада. 

Округ мәліметі бойынша, қазіргі уақытта экипаж мүшелері эвакуацияланды. 

Мәлімет бойынша, истребитель орманды жерге құлаған. «Ұшақ орманды жерге құлады. Жерде ештеңе қираған жоқ», - деп атап өтті баспасөз қызметі. 

Төтенше жағдай себептерін анықтау үшін ұшақтың құлаған орнына арнайы комиссия шықты.