Ресейдің Пермь өлкесінде шабуылдайтын Су-24 ұшағы әуеге көтеріле сала апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.
«Су-24 ұшағы Пермьге жанармай құйдыру үшін тоқтаған. Әуеге көтерілгеннен кейін бірнеше минут өткен соң апатқа ұшырады», - деді агенттік дереккөзі.
РФ Қорғаныс министрлігінің орталық әскери округі ұшақтың апатқа ұшырағанын растап, ұшқыштардың катапульттің көмегімен ұшақтан түсіп үлгергенін мәлім етті.
Дереккөздің айтуынша, қазіргі уақытта Пермь өлкесінде экипаждың екі мүшесі іздестіріліп жатыр.