Ресейлік Росгвардияның солтүстік-батыс өңірлік округі Ленинград облысының маңында Ми-8 тікұшағының құлағанын хабарлады, деп жазады Ресейдің ТАСС агенттігі.
Алдын ала мәліметтер бойынша апат салдарынан 3 әскери қаза тапқан.
Тікұшақта қару болмаған. Себебі ол оқу-жаттығуға қатысып жатқан.
Ленингрда облысында аталған оқиғаның болғанын растады. Абырой болғанда жергілікті тұрғындар зардап шекпеген.
ТАСС агенттігінің шұғыл қызметтердегі дереккөзі Ми-8 тікұшағы құлағаннан кейін өрт шыққанын хабарлаған.
«Осы уақытта өрт сөндірілді», - деді агенттікке хабар жеткізуші.
Тағы бір ақпарат көзінің хабарлауынша, тікұшақтың құлағаны туралы хабар жергілікті уақыт бойынша, сағат 20:30-де жеткен. Куәгерлер әлеуметтік желілерде оқиға орнынан суреттерді таратып жатыр. Онда қою түтін шығып жатқаны байқалады.
Кейбір суреттерге қарағанда, тікұшақ далалы алқапқа құлаған.