Ресей Федерациясында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 309 мыңға жуықтады. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі Қазақстан Үкіметінің ведомствоаралық комиссиясына сілтеме жасап хабарлайды.
Ресейде COVID-19-ды жұқтырудың 8 764 жаңа жағдайы Федерацияның 84 өңірінде анықталды.
Қауіпті вирусты жұқтырғандардың жалпы саны 308 705 адамды құрады. Жазылып шықты - 85 393 науқас.
Бір тәулікте инфекциядан 135 науқас қайтыс болды. Қаза болғандардың жалпы саны - 2 972 адам.