Ресейде коронавирустан болған өлім-жітім саны 780-ге жетті, бұл - пандемия басталғаннан бергі ең жоғарғы көрсеткіш, деп хабарлайды ТАСС.
Бір күн бұрын өлім-жітім саны 710-ды құраған болатын.
федералды жедел штабтың мәліметінше, жалпы инфекциядан 144 492 адам көз жұмған.
Ауырғандар мен жазылып шыққандар саны Ресейде коронавирус инфекциясының расталған жағдайларының саны бір күнде 24 702-ге, жалпы 5 833 175-ке дейін өсті. Салыстырмалы түрде аурудың өсу қарқыны 0,43%-ды құрады.
Қазіргі уақытта Ресейде 452 469 адам ем алуда.
Коронавирустан жазылған ресейліктердің саны бір күнде 19 566-ға, жалпы 5 236 214-ке дейін өсті.
Штаб мәліметінше, емделген пациенттердің үлесі жұқтырғандардың жалпы санының 89,8%-ын құрайды