24 мау, 2020 сағат 16:55

Ресейде коронавирусқа шалдыққандар саны 600 мыңнан асты

Ресейде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 7176 адам болса, науқастардың жалпы саны 606 881 адамға жетті. Бұл туралы сәрсенбі күні жаңа коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес жедел штабынан мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Мәліметтерге сәйкес, бір тәуліктегі өсім 1,2%-ға төмендеп, рекордтық көрсеткіш көрсеткен. Бұған дейін 1,3% деңгейінде болған. Қазіргі уақытта ем қабылдап жатқандар саны – 229546 адам. 

Коронавирусқа шалдығып, жазылып шыққандар саны өткен тәулікте 12 393 адамды құрады. Бұл - инфекция басталған уақыт ішіндегі рекордтық көрсеткіш. 

Деректерге сәйкес, барлығы 368 822 адам ауруханадан емделіп шыққан, бұл Ресейде коронавирус жұқтырғандардың жалпы санының 60,7% құрап отыр. 

Бір тәулікте коронавирустан қайтыс болғандар саны 154 адам, РФ-те жалпы инфекциядан 8513 адам көз жұмды. 

Бұл – Ресейде ауру жұқтырғандардың жалпы санының 1,4 пайызы.