01 шіл, 2020 сағат 12:28

Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 650 мыңнан асты

Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 6556 адамға артып, 654 405-ке жетті. Бұл туралы сәрсенбі күні журналистерге жаңа инфекцияның таралуына қарсы күрес жөніндегі жедел штабтан мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС.

Ресейде алты күн бойы ауру жұқтырғандар саны тәулігіне 7 мыңнан асып отыр. Соңғы екі күнде тәуліктік өсім салыстырмалы түрде 1% аспайды. Қазір емделіп жатқан науқастар саны 225 879 адамнан 221 938 адамға азайды.

Бір тәулікте коронавирустан емделіп шыққандар саны 10281 адам болса, жазылғандардың жалпы саны – 422 931. Штабтың мәліметіне сәйкес, Ресейде сауығып шыққандардың саны коронавирус жұқтырғандардың 64,6% құрайды.

Ресейде коронавирустан бір тәулікте қайтыс болғандар саны 216 адамға артып, 9 536-ны құрады. Бір тәулік бұрын бұл көрсеткіш 154 адам болған.