13 мау, 2020 сағат 15:29

Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 520 мыңнан асып кетті

Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 520 мыңнан асып кетті, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Ресейде соңғы тәулікте 8 706 адамнан вирус табылған. Ал жалпы науқастар саны 520 129 болды. Бұл жөнінде журналистерге коронавирус инфекциясының таралуына қарсы шұғыл штаб мәлім етті.

Соңғы мәліметке сенсек, бір тәуліктегі өсім 1,7% болған. Бір күн бұрын бұл көрсеткіш 1,8% еді.

Жаңа жұқтыру фактілерінің көпшілігі, яғни 1 493 жағдай - Мәскеуде, 725 - Мәскеу облысында, 262 - Санкт-Петербургте, 245 - Свердлов облысында, 228 - Воронеж облысында тіркелді.

Ресей бойынша барлығы 238 659 пациент ем алып жатыр.

Соңғы тәулікте 5 271 адам індеттен жазылып, ауруханадан шықты. Ал жалпы емделген сырқаттар саны - 274 641.

Штаб мәліметінше, аурудан сауығып кеткендердің үлесі барлық науқастардың 53% жеткен.

Кешеден бері 114 адам коронавирустан қайтыс болған. Ал жалпы көз жұмған науқастар саны - 6 829.