Ресей елінде екінші күн қатарынан коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 20 мың адамнан асып отыр. Өткен тәулікте 20 396 оқиға анықталған, инфекцияға шалдыққан адамның жалпы саны 1 753 836-ға дейін жетті, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
Елдегі коронавирусқа қарсы күрес бойынша жедел штабтың мәліметінше, өсім екі күн бойы 1,2 пайыздан аспай отыр.
Өсім қарқыны ең аз тіркелген аймақтар қатарына Дағыстан республикасы (0,5%), Татарстан, Чуваш республикасы (0,6%-дан), Ханты-Мансийск автономиялық ауданы, Мәскеу облысы, Марий Эл республикасы (0,7%-дан) кіреді.
Атап өткенде, бір тәулік ішінде Мәскеуде коронавирус жұқтырудың 5 829 оқиғасы, Мәскеу облысында – 629 оқиға, Нижегород облысында – 434, Архангельск облысында – 359 және Краснодар өлкесінде – 322 оқиға тіркелді.
Қазіргі кезде Ресей Федерациясында 410 658 адам вирустан емделіп жатыр.
Аурудан жазылып шыққан ресейліктер саны тәулік ішінде 16 803 адам болды (бұдан бір күн бұрын – 16 955 адам). Жалпы алғанда, вирус жұқтырған 1 312 927 адам немесе 74,9 пайыз жазылып шықты.
Тәулік ішінде Мәскеуде 3 675 сырқат, Самара облысында – 437, Мәскеу облысында – 435, Нижегород облысында – 421, Воронеж облысында – 397, Волгоград облысында – 352, Кемерово облысында – 324 адам ауруханадан шығарылды.
Бір күн ішінде вирустан 364 адам қайтыс (бұдан бір күн бұрын – 378 адам) болған, жалпы елде 30 251 адам көз жұмған.
Тәулік ішінде Мәскеуде 75 өлім оқиғасы, Ростов облысында – 18, Мәскеу облысында – 14, Нижегород облысында – 12, Самара және Ульянов облыстарында – әрқайсысында 10 өлім оқиғасы тіркелді.
Росстат мәліметінше, сәуір айынан бастап қыркүйектің соңына дейін елде коронавирус инфекциясынан 31 969 адам қайтыс болған, тағы 23 702 оқиғада инфекция анықталғанымен, өлімге себеп болған жоқ.