Ресейде коронавирустен көз жұмғандар саны бір тәуліктің ішінде 752-ге өсіп, 142 256-ға жетті. Бұл туралы сенбі күні журналистерге Жаңа инфекциямен күрес жөніндегі федералды жедел штабта айтылды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
Штаб деректері бойынша, коронавирустен шартты өлім саны (нақты деректерді эпидемия біткеннен кейін ғана анықтауға болады) 2,47% болып отыр. Атап айтқанда, Санкт-Петербургте 102, Иркутск және Нижнегород облыстарында 28, Краснодар аймағында 22, Ростов облысында 21 өлім тіркелді.
Ресейде бір тәуліктің ішінде коронавирус жұқтырғандардың саны 25 082-ге өсіп, 5 758 300-ге жетті. Салыстырмалы түрде жұқтырғандар саны 0,44%-ға өскен. Атап айтқанда, бір тәуліктің ішінде Мәскеу облысында 2 487, Санкт-Петербургте 1 978, Нижегород облысында 527, Воронеж облысында 423, Краснояр аймағында 401 адамнан инфекция анықталды.
Қазіргі кезде Ресейде коронавируспен 433 210 адам ауырып жатыр.