22 қыр, 2021 сағат 18:02

Ресейде бета мен дельта штамдарының мутациялары бар КВИ-дің жаңа түрі табылды


Биологтар биылғы жаздың басында Ресей мен Германия аумағында коронавирустың жаңа түрінің жаңа штаммы тарала бастағанын анықтады. Оның геномы SARS-CoV-2 бета және дельта нұсқаларының негізгі мутацияларын біріктіреді. Ғалымдар жаңа түрдің сипаттамасын bioRxiv-те жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«B.1.1.523 желісіндегі коронавирустың бұл түрі Ресей аумағында осы жылдың ақпан айында пайда болған деп болжануда. Ол тек мамыр-маусым айларында белсенді түрде тарала бастады. Бұл түрдің геномында вирустың бета және дельта штамдарына тән көптеген мутациялар бар», - деп жазды зерттеушілер. 

Пандемияның бір жарым жылында жаңа типтегі коронавирус геномында көптеген ұсақ мутациялар пайда болды. Олардың кейбіреулері вирустың өмір сүруіне әсер етпейді, ал басқалары оның тез жұғуына ықпал етеді. Осыған байланысты ұқсас мутациясы бар вирустың штамдары бүкіл планетада тез таралады. 

Жаңа жұмыста Маастрихт университетінің (Нидерланды) профессоры Паул Савелкаул бастаған зерттеушілер осындай эволюцияның алғашқы мысалдарының бірін тапты. 

Жаңа штамм – ресейлік штаммның B. 1.1.523 түрі. Оның алғашқы тасымалдаушылары осы жылдың ақпан айында Мәскеуде анықталды, содан кейін олар Ресей, Германия және басқа да Еуропа елдерінде тарала бастады.