Иллюстрация: elements.envato.com
Ресейлік ер адам Ресейде прокатқа шықпаған "Доктор Стрэндж: в мультивселенной безумия" фильмінің премьерасын көру үшін автокөлікпен Павлодарға барғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі "Тинькофф журналына" сілтеме жасап.
"Мен кино көргенді жақсы көремін және өзіме ұнайтын фильмдердің премьерасын жіберіп алғым келмейді. Сондықтан, "Стрэндждің" премьерасын үлкен экранда, жақсы сапада көргім келіп мамыр мерекелерінде Новосибирск арқылы Павлодарға жолға шықтым. Новосибирскі мен Павлодардың арасы жақын, шамамен 580 шақырым", - деді Дмитрий Бутырин.
Ер адам досымен бірге жолға шыққан. 6 мамырда жолға дайындалар алдында коронавирусқа ПТР сынамасын тапсырған. 8 мамырда автокөлікпен жолға шыққан. Ресейлік азаматтар Павлодарға дейін жанар-жағармай құю бекетін қоса алғанда 4600 рубль немесе 30 600 теңге жұмсаған.
"Шекараға дейінгі жол бес сағатқа созылды, бұл бағыттағы жол сапасы нашар. Шекарадан өту қиын болар деген едім, тез өттік. Бар жоғы 30-40 минут уақыт кетті", - деп бөлісті автор.