24 қар, 2018 сағат 12:53

Ресей мен Беларусьтен әкелінген тауық етінен зиянды заттар анықталды

Қазақстанға жеткізілетін тауық еті өнімдерінен гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің талаптары бұзылғаны анықталды, деп хабарлайды Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің ресми сайты.

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті өнімнің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу шеңберінде мына кәсіпорындар талаптарды бұзғанын анықтады:

- «Магнитогорский птицеводческий комплекс «Бройлерное производство» ЖШҚ (Ресей Федерациясы) - сорпа жиынтығының сынамаларында сальмонелла (Salmonella С тобы) текті бактериялар анықталды (балапан-бройлер етінен жасалған жартылай фабрикаттар);

- «Смолевичи Бройлер» ААҚ (Беларусь Республикасы) - балапан-бройлер «Микс» құс етінен жасалған жартылай фабрикат сынамаларында микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкес еместікті: филе, сан, қанаты;

- «СПК Курников» ЖШҚ (Ресей Федерациясы) - «Натуральный» құс етінен жасалған туралған ет сынамаларының микробиологиялық көрсеткіштері бойынша сәйкес еместікті анықтау.

Қазіргі уақытта сауда объектілерінен қауіпті өнімді алып тастау бойынша шаралар, сондай-ақ  өткізушілерге қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдануда.

Бұл ретте, Комитет бұзушылықтардың туындауына ықпал ететін себептерді анықтауға бағытталған бірқатар эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізеді.

Дүкен сөрелерінде сәйкес келмейтін өнімдер анықталған жағдайда жазбаша немесе 8 /7172/ 74-27-04  нөмірі бойынша Комитетке  және оның аумақтық департаменттеріне жүгінуге болады (әр өңірдің ҚДСД-ның байланыс деректері аумақтық департаменттер бөлігінде kooz.dsm.gov.kz/ru сайтында көрсетілген).