19 нау, 2026 сағат 14:08

Қажылыққа уәде, ақшасы алаяқта: елордада туристік алаяқ ұсталды


Коллаж: Зәуреш СМАҒҰЛ, «EQ»


Астанада туристік компания қызметкері ретінде өзін таныстырған 27 жастағы ер адамға қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Ult.kz.


Күдікті азаматтарға Мекке қаласына қажылық сапарын ұйымдастырамын деп уәде беріп, алдын ала миллиондаған теңге қаражат жинаған. Алайда уәде орындалмаған, ал жәбірленушілер саны артып келеді. Ол жолдама, виза рәсімдеу және әуе билеттерін алу сияқты қызметтерді сылтау етіп, азаматтардан алдын ала ақша алған.


Қазіргі уақытта 13 эпизод анықталып, келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі 2,2 млн теңгені құрайды. Тергеу барысында жәбірленушілер санының одан әрі артуы мүмкін екені жоққа шығарылмайды. Сондай-ақ, күдіктінің өзге ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.