#
#
Cәрсенбі 23/09/2020

«Реал Мадрид» пен «Ювентус» Чемпиондар лигасынан шығып қалды

  • 08.08.2020
  • 0
  • 186

Бүгін UEFA Чемпиондар лигасында ширек финалға жолдама алған тағы екі команда анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Естеріңізге сала кетелік, доп додасы 11 наурыздан кейін коронавирус індетіне байланысты кейінге шегерілді. Турнирдің 1/8 финалындағы төрт ойын болып, қалған төртеуі өткізілмей қалған еді. 

Ширек финалға наурыз айында «Лейпциг» (Германия), «Атлетико Мадрид» (Испания), «Аталанта» (Италия) және «Пари Сен-Жермен» (Франция) командалары жолдама алған болатын.

Бүгін Англияда жергілікті «Манчестер Сити» және Испанияның «Реал Мадрид» командалары кездесті. Ағылшындар Мадридте өткен алғашқы ойында 2:1 есебімен басым түскен еді. Сондықтан «Реал Мадрид» бүгін барын салды. Дегенмен ойында «Манчестер Сити» сапынан Рахим Стерлинг 9-минутта есеп ашты. Оған 28-минутта «Реал» шабуылшысы Карим Бензема бір голмен жауап берді. 

Ал 68-минутта ағылшын клубының ойыншысы Габриэл Жезус «Манчестер Ситиді» тағы да алға шығарды. Кездесуде ағылшын клубы 2:1 есебімен жеңіске жетіп, жарыстың келесі сатысына жолдама алды.

Тағы бір ойын Италияда өтті. Туриннің «Ювентусы» өз алаңында Францияның «Лион» клубын қабылдады. Ойынның 12-минутында «Лион» ойыншысы Мемпис Депай пенальтиден есеп ашса, оған «Ювентус» сапынан Криштиану Роналду да 43-минутта пенальтиден жауап берді. 

Криштиану Роналду 60-минутта тағы бір мәрте мергендік танытып, өз командасын алға шығарды. Кездесуде «Ювентус» 2:1 есебімен басым түсті. Дегенмен алғашқы ойында 1:0 есебімен жеңіске жеткен «Лион» жарысты жалғастыратын болды. 

Ширек финалда «Манчестер Сити» мен «Лион» өзара жұп құрады. 

Турнирдің аталған сатысындағы тағы екі ойын 8 тамызда өткізіледі. Бұл күні «Барселона» (Испания) мен «Наполи» (Италия), «Бавария» (Германия) мен «Челси» (Англия) командалары кездеседі. Ойындар «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан елорда уақытымен 00.50-де тікелей эфирде көрсетіледі. 

Чемпиондар лигасының қалған бөлігі Португалия астанасы - Лиссабон қаласында өтеді. Ол сегіздік финалы форматында болады. Ойындар 10-23 тамыз аралығында өткізіледі.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар