06 жел, 2019 сағат 23:45

«Реал Мадрид» экология мәселесіне жұрт назарын аудартудың жаңа тәсілін тапты

Испания астанасы Мадридте БҰҰ-ның Экологияның өзгеруі проблемалары жөніндегі 25-ші Дүниежүзілік конференция басталды. Оған спорт ұжымдары да қолдау көрсетуде, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Marca басылымының хабарлауынша, Мадридтің «Реал» командасы сенбі күні өз алаңында Испания чемпионатының 16-туры аясындағы «Эспаньолға» қарсы өткізетін ойынында әдеттегідей ақ түсті жейдемен емес, жасыл жейдемен алаңға шықпақ.

Осы арқылы Корольдік клуб БҰҰ климат өзгеруі жөніндегі 25-ші Негіздемелік конвенциясы аясындағы жасыл әлем бастамасына қолдау көрсетпек.

Бұдан бөлек, стадионның қасбетіне 25-ші Конвенцияға арналған биіктігі 19,60 метр, ені 35,77 метр келетін баннер ілінеді. Ол Конференция аяқталғанша – 13 желтоқсанға дейін тұрады.