02 сәу, 2024 сағат 18:28

Райымбек Баталовтың әйелі Бишімбаевтың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді


Кәсіпкер Райымбек Баталовтың әйелі Ленара Баталова Қуандық Бишімбаевтың сот отырысындағы атышулы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ленара Баталова отбасының абырой мен қадір-қасиетіне нұқсан келді деп есептейді.

"Болып жатқан оқиғаға өз пікірімді білдірсем деп едім. Инстаграмым хатқа толып қалды. Кеше ел болып шулы процеске куә болдық. Қызық болғанда, бұл күлкі күнімен тұспа-тұс келді. Процесс те сондай сипатқа ие болған сияқты. Сотта іс қаралып жатқанын емес, баршамыз "Пусть говорят" көріп отырғандай болдық.
Отбасымның абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін дәйексіз, сандырақ сөздерін тіпті елегім келмейді. Мен тек Салтанаттың жақындарына сабырлық, күш-қуат, төзім және сенім тілеймін. Қазақстан халқының қолдауымен әділдік орнап, бәріміз жарқын жақта өмір сүреміз деп сенемін. Біз сіздермен біргеміз", - деп мәлімдеді Ленара Баталова.


Айта кетейік, соттағы сөзінде Қуандық Бишімбаев марқұм Салтанат Нүкенова Райымбек есімді кәсіпкердің көңілдесі болғанын айтқан болатын