19 қарашадан бастап «Qatar Airways» әуе компаниясы Доха – Алматы - Доха бағыты бойынша Қазақстанға тұрақты рейстермен ұшуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес А-320 әуе кемелерімен аптаның дүйсенбі және жұма күндері 2 реттен орындалады.
Екі ел арасында тұрақты рейстердің ашылуы сауда- экономикалық, мәдени және туристік қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал етеді.