13 мам, 2021 сағат 20:57

Путин Нобель сыйлығына үміткерлер тізіміне енді



Ресей басшысы Владимир Путин Нобель сыйлығына үміткерлер тізіміне енгізілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". Оған әзірге 286 адам ұсынылған.

Путинді бейбітшілік сыйлығына ұсыну туралы өтініш Нобель комитетіне 10 қыркүйекте түскен. Өтінімнің авторы - академик, жазушы Сергей Комков.

"Сіздің үміткеріңіз тізімге енгізілген және осы жылы ұсынылған адамдардың жалпы саны әлі де нақтылануда, бірақ алдын-ала ұсынылған 286 адам бар", - деді Комков.

Нобель сыйлығы - Ослодағы Нобель комитеті әртүрлі саладағы үздіктерге, соның ішінде бейбітшілікті нығайтуға зор үлес қосқан жеке тұлғалар мен ұйымдарға жыл сайын беретін марапат. Ол 1901 жылдан бастап табысталады.