11 мам, 2021 сағат 17:14

Путин Қазандағы атысқа байланысты тапсырма берді


Ресей президенті Владимир Путин Қазандағы қайғылы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады. Ол денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко мен білім министрі Сергей Кравцовқа атыс болған мектепке баруды тапсырды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Владимир Путин Қазандағы жағдайға қатысты тиісті министрліктер және арнайы қызметпен байланыста болады, деді Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

"Бүгін президент Мәскеудегі Кремльде жұмыс істейді. Әрине, ол күні бойы Қазандағы жағдайға қатысты хабардар болады. Қазір ең бастысы - зардап шеккендерге көмек көрсету. Президент Денсаулық сақтау, Білім министрлігі және Үкіметпен, сондай-ақ арнайы қызмет басшыларымен байланысын жалғастырады", - деді Песков.

Оның айтуынша, министр Кравцов пен Мурашко қазіргі уақытта Қазанға ұшуға дайындалып жаты

"Оқиғаның егжей-тегжейі баяндалды. Сонымен қатар, Путин Үкімет төрағасы Михаил Мишустинмен, Ресей вице-премьері Татьяна Голиковамен және ТЖМ басшысы Евгений Зиничевпен телефон арқылы сөйлесті. Олар Қазандағы жағдайды талқылады", - деді Песков.

Соңғы деректер бойынша, атыс салдарынан 9 адам қаза тапқан. Қазіргі уақытта ақпарат толық расталмаған.

Сейсенбі, 11 мамырда Қазан қаласындағы Джаудат Файзи атындағы №175 мектепте атыс болды. Әлеуметтік желіде бастапқыда екі адамның шабуылдағаны туралы хабарлама тарады. Олардың бірі қарулы күштерге қарсы оқ атып, тұтқындарды қамауда ұстаған.

Татарстан президентінің баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сәйкес, барлық білім беру мекемесінде қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, контртеррористік операция режимі енгізілді. Қайтыс болған оқушылардың отбасыларына көмек көрсетіледі. Татарстанда 12 мамыр аза тұту күні деп жарияланды.