Президенттің баспасөз қызметі Ақордадағы фото және видео түсіруге жауапты мамандар туралы айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Президенттің жеке фотографы – Аманқұл Дүйсенбаев. 1988 жылы дүниеге келген. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевпен Парламент Сенатының төрағасы кезінен, яғни 2007 жылдан бері бірге жұмыс істеп келеді.
Тағы бір жеке фотограф – Ғани Өмірбеков. Ол 1987 жылы туған. Ғанидың ҚР Президентінің Баспасөз қызметінде жұмыс істегеніне 3 жылға жуық уақыт болды.
Қазақстан Президентінің Түркияға мемлекеттік сапары кезінде әлеуметтік желілердегі парақшаларымызда таралған видеоларды жасаған – Ғабиден Құрышбеков есімді азамат. Ол 1994 жылы дүниеге келген. Ғабиденнің баспасөз қызметінде жаңа форматтағы аса жауапты жұмысты бастағанына көп уақыт өткен жоқ", - делінген Президент баспасөз қызметінің "Борт №1" Telegram-арнасында.