01 мау, 2021 сағат 20:48

Президентке мемлекеттік қызметті цифрландыру туралы баяндалды


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады. Мекеме басшысы Президентке мемлекеттік қызметті цифрландыру туралы баяндады, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».


Президентке мемлекеттік қызметті одан әрі дамытуға бағытталған кешенді шаралардың жүзеге асырылуы жайында жан-жақты есеп берілді. Оның ішінде цифрлық шешімдерді жүзеге асыру – қағаз құжат айналымынан толық арылу мен өнімсіз жұмыстарды азайтуға, құжаттар санын қысқартыуға мүмкіндік беретіні айтылды.

«ФБШ-ға көшу жөніндегі пилоттық жобаға жасалған талдау мемлекеттік қызметке деген қызығушылықты арттырып, кадр тұрақтылығына оң динамика берді. Атап айтқанда, ФБШ енгізілгелі бері бір бос орынға үміткерлер саны орташа есеппен 2,6 есеге өскен. Мемлекет басшысы факторлы-баллдық шкала енгізуге функционалдық талдау жұмыстарын жалғастыру қажет», - деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысына мемлекеттік қызметшілердің санын қысқартуға, факторлы-баллдық шкала енгізуге қатысты жұмыстардың барысы туралы баяндалды. 

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бақылау, мемлекеттік қызметшілердің үздіксіз білім алу жүйесі мен келісім-шарт бойынша қызметке алу институтын енгізу жұмыстары туралы ақпарат берілді.

Кездесу барысында кадрлық процестерді цифрландыру мәселесіне ерекше назар аударылды. 

«Ццифрлық шешімдерді жүзеге асыру қағаз құжат айналымынан толық арылуға, күнделікті өнбейтін жұмыстарды 53 пайызға азайтуға, құжаттар санын 83 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді», - деді Анар Жайылғанова.

Аталған кездесуде Президент мемлекеттік қызмет жүйесін цифрландыруды одан әрі жалғастыра берудің маңыздылығына тоқталып, агенттік төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады. Мекеме басшысы Президентке мемлекеттік қызметті цифрландыру туралы баяндады.


Президентке мемлекеттік қызметті одан әрі дамытуға бағытталған кешенді шаралардың жүзеге асырылуы жайында жан-жақты есеп берілді. Оның ішінде цифрлық шешімдерді жүзеге асыру – қағаз құжат айналымынан толық арылу мен өнімсіз жұмыстарды азайтуға, құжаттар санын қысқартыуға мүмкіндік беретіні айтылды.

Айта кетейік, өткен жылы Мемлекеттік қызметтердің 82%-ы автоматтандырылды және электрондық форматта 54 млн астам қызмет көрсетілді.

Цифрлық даму министрлігі болашақ экономикасының цифрландыру және электрондық мемлекеттік қызметтер, коммуникация мен байланыстың жаңа түрлері, үлкен деректер мен жиынтықты технологиялар, ақпараттық қауіпсіздік, инновациялық экожүйе, ғарыш технологиялары мен геодезия секілді бағыттарына жетекшілік етеді.

«Цифрлық Қазақстан»  Мемлекеттік бағдарламасы 5 негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады: «Экономика салаларын цифрландыру»; «Цифрлық мемлекетке көшу»; «Цифрлық жібек жолын іске асыру»; «Адами капиталды дамыту»; «Инновациялық экожүйені құру» Бағдарламаның мақсаты — цифрлық технологияларды қолдану есебінен қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін арттыру болып табылады.

Жалпы, цифрландыру, аталған жобаның экономикалық тиімділігі 2 жыл ішінде алдын ала 802,5 млрд астам теңгені құрады. Инновациялық экожүйеге 32,8 млрд теңге тартылды және аралас салаларды есепке алғанда 120 000-ға жуық жұмыс орны құрылды. Жалпы Министрлік салалары бойынша 170 млрд астам теңге инвестиция тартылды.