29 қаз, 2020 сағат 19:43

Президент футбол ардагерін «Достық» орденімен марапаттады

Алматылық «Қайрат» футбол клубының ардагері Евстафий Пехлеваниди «Достық» орденімен марапатталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл жайында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter парақшасында жазды. 

«Алматылық «Қайраттың» аты аңызға айналған шабуылшысы, бүгінде 60 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан Евстафий Пехлеваниди екінші дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды. Ол қазақстандық футболдың дамуына және көпшілікке танылуына, сонымен қатар Қазақстан мен Грекия арасында достық қарым-қатынастың қалыптасуына қомақты үлес қосты» деп жазды Мемлекет басшысы.