#
#
Сенбі 23/01/2021

Президент: Әлеуметтік төлемдерді индекстеуге жыл сайын 3 трлн теңгеден астам қаражат бөлінеді

  • 25.11.2020
  • 0
  • 84

Қаржыны және жәрдемақыны негізсіз, оңды-солды таратуды доғару қажет. Бұл туралы Nur Otan партиясының кезектен тыс XX Съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Біздің бағдарламамызда негізгі 4 басымдық бар. Бірінші - әр азаматқа өз әлеуетін жүзеге асыру үшін тең мүмкіндік беру. Біз әлеуметтік-экономикалық саясатта нарық тәсілдерін басшылыққа аламыз. Қаржыны және жәрдемақыны негізсіз, оңды-солды таратуды доғару қажет. Мемлекет атаулы көмекті шын мәнінде мұқтаж адамдарға беру керек. Ең бастысы - әлеуметтік әділдік», - деді ҚР Президенті. 

Мемлекет басшысы сол себепті мұқтаж жандарға қамқорлық жасауға баса мән берілетіндігін айтты. 

«Әлеуметтік саясатты жүргізгенде қиындыққа тап болған азаматтарға атаулы көмек көрсету шаралары күшейтіледі. Алдағы 5 жыл ішінде әлеуметтік төлемдерді жыл сайын индекстеу үшін 3 трлн теңгеден астам қаражат бөлінеді. Ортақ зейнетақы мөлшері де жыл сайын индекстелетін болады. Бұл ретте біз мұны инфляция деңгейіне 2 пайыз қосып жүзеге асыруды ұсынып отырмыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар