17 қаз, 2021 сағат 15:14

Премьер-Министр сайтының желідегі ресми парақшаларына фишингтік шабуыл жасалды


ҚР Премьер-Министрі сайтының желідегі ресми парақшаларына фишингтік шабуыл жасалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінің басшысы Зарина Нұрланова желідегі парақшасында жазды.

«Құрметті Facebook қолданушылары! ҚР Премьер-Министрі ресми сайтының ресми парақшалары 

@primeminister.kaz 

@primeminister.kz

@PrimeMinister.int 

фишингтік шабуылға байланысты уақытша қолжетімсіз екенін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта Facebook платформасымен аккаунттарды қалпына келтіру туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр. Барлық ақпаратты PrimeMinister.kz сайтыннан және Twitter, Vk, Instagram желілеріндегі ресми аккаунттарынан біле аласыздар», - деп жазды З. Нұрланова