ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов «Астана» футбол клубын Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шығуымен құттықтады. Бұл туралы үкімет басшысы твиттердегі парақшасында жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Кеше Елордада "Астана" Беларусьтік БАТЭ командасымен қарымта кездесу жасаған болатын. Осымен екінші рет өткен ойын нәтижесі бойынша «Астана» Еуропа Лигасының топтық кезеңіне өткен. Алғашқы матчта қазақстандық футболшылар 2:0 есебімен жеңіске жетсе, қарымта кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды.
Бүгін Астана уақытымен сағат 17:00-де Еуропа Лигасының топтық кезеңінде ойнайтын командалар арасында жеребе тартылады.