Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының төртінші турының кейінге қалған ойынында Қостанайдың «Тобылы» елордалық «Астанамен» кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бүгінгі кездесу тартысты өтті. Қос команда шабуылға көбірек көңіл бөлді. Ойынның 31-минутында қостанайлық жартылай қорғаушы Азат Нұрғалиев өзінің командасын алға шығарды.
Ойынның екінші кезеңінде елордалық клуб таразы басын теңестіруге ұмтылды. Соған қарамастан олар өз қақпасына гол жіберіп алды. Оны 57-минутта Серікжан Мужиков өзінің еншісіне жазды. Осылайша «Тобыл» елордалық клубты 2:0 есебімен жеңді.
Төртінші турдағы Ақтаудың «Каспийі» Алматының «Қайратынан» 0:3, Талдықорғанның «Жетісуы» Шымкенттің «Ордабасысынан» 2:3 есебімен жеңілген еді.
Ал Жамбыл облысының «Тараз» және Петропавлдың «Қызылжар» командалары 0:0 есебімен тең тарқасты. «Қайсар» командасы «Шахтерді» 1:0 есебімен жеңді.