22 қаз, 2020 сағат 20:03

Премьер-лига: «Қайрат» пен «Астана» жеңіске жетті

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының 14-туры мәресіне жетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Аталған турда көш басында келе жатқан командалардың барлығы жеңіске жетті. Сондықтан турнир кестесінде айтарлықтай өзгеріс бола қойған жоқ.

Ресейлік маман Андрей Тихонов жақында тізгінін ұстаған елордалық «Астана» бұл жолы Қостанайдың «Тобылынан» 1:0 есебімен басым түсті. Ойын тағдырын шешкен жалғыз голды Алексей Щеткин 66-минутта соқты. 

Ал Алматының «Қайраты» Ақтаудың «Каспийін» 3:1 есебімен тізе бүктірді. Ойында ақтаулық футболшы Марат Шахметов 12-минутта есеп ашқан еді. Одан кейін Адеринсола Эсеола 32-минутта таразы басын теңестірді. 

Ойынның 39-минутында Лайонел Адамс өз қақпасына гол соғып алды. «Каспий» сапынан 80-минутта Вагнер Лав қорытынды есепті белгіледі. 

Осылайша «Қайрат» 3:1 есебімен жеңді.

Бұл турда «Қайсар» «Шахтерді» 2:0, «Ордабасы» «Жетісуды» 3:1, «Қызылжар» «Таразды» 1:0 есебімен жеңді.

Алдағы тур 24, 25, 26 қазан күндері өткізіледі.