«Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыз билеттерін және оның ақшасын қайтару бойынша сұрақтарға жедел жауап беретін WhatsApp номерін іске қосты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Ақшаны қайтарып алу билетті сатып алу әдісіне қарай қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз іске асырылады:
- стансадан пойыз жөнелтілгенге дейін 1 сағаттан кешіктірмей билетті қайтарған жағдайда қаражат 5 жұмыс күні ішінде төлеушінің картасына түседі;
- стансадан пойыз жөнелтілгенге дейін 1 сағаттан аз уақыт қалғанда билетті қайтарған жағдайда қаражат жолаушының өтініші негізінде 30 күнтізбелік күн ішінде жолаушының картасына түседі.
Билет құнын қайтара алмаған жолаушылар WhatsApp +7-707-270-36-64 нөміріне хабарласа алады.
«Сұрау салуды жіберген кезде жол жүру құжатының (билеттің) нөмірін көрсету керек немесе билет кассасына жүгінген кезде жол жүру құжатының (билеттің) фотосуретін және жол жүру құжатын (билетін) қайтару туралы түбіртекті жіберу қажет», - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, ережеге сәйкес билетті қайтарған кезде:
- пойыз жөнелтілгенге дейін 24 сағаттан кешіктірілмесе – билеттің толық құны қайтарылады;
- 24 сағаттан кешіктіріліп, бірақ пойыз жөнелтілгенге дейін кемінде 6 сағат бұрын өткізілсе – билет құны және плацкарт құнының 50% қайтарылады;
- пойыз жөнелтілгенге дейін кемінде 6 сағат бұрын және жөнелтілгеннен кейін 1 сағаттан артық емес уақытта қайтарылса – билеттің құны қайтарылады, бұл ретте плацкарттың толық құны ұсталады.
Пойыз жөнелтілгеннен кейін 1 сағаттан соң билетті қайта өткізуге болмайды және оның ақшасы қайтарылмайды.
«Ал жолаушылар пойызының қатынауы тоқтаған жағдайда жолаушылар жол жүру құжаттарын (билеттерін) қайтаруды ресімдеп, ақшалай қаражаттарын толық көлемде қайтарып ала алады. Жолаушылар жол жүру құжаттарын сатып алған жерде қайтару қажет», - деп нақтылады «Жолаушылар тасымалы» АҚ-дан.