10 там, 2021 сағат 18:27

Португалияда вакцинадан бас тартқан отбасының үш мүшесі коронавирустан көз жұмды


Португалияда вакцина салдыруға қарсы адамдардың жалған ақпаратын естігеннен кейін екпе алудан бас тартқан отбасы бір апта ішінде коронавирус инфекциясынан қайтыс болды. Кардиф қаласының тұрғыны ата-анасы мен інісінің вирустан көз жұмғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды The Guardian басылымы.

Фрэнсис Гонсальвестің айтуынша, 73 жастағы әкесі Бэзил вирусты ауруханада жұқтырған, ал анасы Шармейн мен Шауль кешкі ас кезінде коронавирус жұқтырған. 

Олардың барлығы – Португалия тұрғындары, екпе салдыртудан бас тартқан. Сонымен қатар ол ата-анасының екпеге қарсы топтың насихатынан адасқанын қосты.

Гонсальвес ата-анасының өзге де сырқаттары болғанын айтып берді. Ал бауырының денсаулығы мықты болған. Егер вакцина алғанда аман қалар еді деп ойлайды ол.