17 там, 2023 сағат 11:23

Полиция блогер Әсел Асқардың оқиғасына қатысты пікір білдірді

Фото: instagram.com/assel.askar

Полиция Алматыдағы фитнес орталықтардың бірінде болған блогер Әсел Асқардың оқиғасына қатысты жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, блогерді ұрды деген күдікке ілінген 27 жастағы ер адам анықталған. Оның әрекеті Әкімшілік кодекс бойынша "ұрып-соғу" және "ұсақ бұзақылық" деп танылған.

"Факт Медеу аудандық ПБ-на тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 1996 жылы туған М.-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабы ("Ұрып-соғу") және ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы ("Ұсақ бұзақылық") бойынша әкімшілік іс қозғалды", - дейді ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Жарақатының ауырлығын анықтау үшін Әсел Асқарға сараптама тағайындалды.

"Азамат А.-ның дене жарақатының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жолданады", - деп толықтырды ведомство.

Тергеу барысы Алматы ПД басшылығының бақылауында.

Еске салайық, блогер "Рояль" фитнес клубында кәсіби балуан, грек-рим күресінен чемпион бетінен бірнеше рет ұрғанын жеткізді. Сондай-ақ, қыз оған қауіп төніп тұрғанын айтты.

"Медиа тұлға ретінде бүгін қорландым. Жаңа Мелейский (Медеу - еск.) аудандық ішкі істер басқармасында бірнеше сағат болдым. Мен және мобилографым бүгін "Рояль" фитнес клубында болған оқиға туралы мәлімдеме жаздық.

Өкінішке қарай, өміріме, абыройыма, қадір-қасиетіме қауіп төніп тұр. Мені кавказ ұлтының өкілі соққыға жықты. Анамды қорлап, оған ештеңе болмайтынын айтып қорқытты. Ол үлкен адам, ал мен "қазақтың ..." екенмін. Осы оқиғаны анықтап, қолданыстағы заңнама шеңберінде шешім қабылдауларыңызды сұраймын", - деді Әсел Асқар видеода.