#
#
Сенбі 11/07/2020

Полиция Алматы облысында аю шабуылдап мерт еткен адамға қатысты қосымша ақпарат жариялады

  • 01.06.2020
  • 0
  • 229

Алматы облысында аюдың ер адамға қалай шабуылдағаны жайлы полиция қызметі баяндап берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Куәгерлердің айтуы бойынша, марқұм Лепсі ауылының тумасы, туыстарына демалуға келген. 28 мамыр күні ол үш танысымен бірге атпен Лепсі өзеніне балық аулауға барған. Жанында иті болған. 30 мамыр күні үйге қайтар тұста 6 шақырымдай жол жүрген. Жолда ит аюдың қонжықтарын байқап оны қуалаған. Иті борсықтың ізіне түсті деп ойлаған атты жолаушы соңынан ерген. Қалың бұтаның ішіне кірген ит бір мезетте қатты ұлыған. Ер адам итіне көмектеспек болып қалың ағаштың ішіне енген. Біраз уақыт өткенде оның жанұшырған дауысы естілген. Сол сәтте бұтаның арасынан аю атып шығып қаша жөнелген. Одан аттар үркіп, адамдар сескеніп қалған. Бұта арасынан табылған Ресей азаматы ауыр жарақаттың салдарынан көз жұмды», - деді Алакөл аудандық полиция бөлімінің бастығы Қуат Оспанов. 

Полицейлер көктемде аю қонжығын қорғау үшін адамға шабуыл жасауы мүмкін екенін және осыған байланысты сақ болу қажеттілігін ескертті.

«Аю қонжығын қорғамақ болғанына байланысты, ол атылмайды», - деп толықтырды облыстық полицияның баспасөз қызметінен. 

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысында 41 жастағы Ресей азаматын аю талап, мерт болған еді. Қайғылы оқиға 30 мамырда сағат 06.25-тер шамасында Алакөл ауданында тауда болған. Аталған дерек сотқа дейенгі бірыңғай тергеу тізіліміне оқыс оқиға ретінде тіркелді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар