04 жел, 2020 сағат 10:48

Полицейлер инкасаторларға шабуыл жасағандары іздеп жатыр

Жаңаөзенде инкассаторларға шабул жасаған қарақшылар іздестіріліп жатыр. Бұл туралы облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстау облысы полиция департаменті мен Жаңаөзен қалалық полиция бөлімінің жеке құрамы шабуыл жасаған күдіктілерді іздеуге және ұстауға жұмылдырылды, деп хабарлайды 

«Бейнебақылау камерасы инкассатор машинасына жасалған шабуыл сәтін және күдіктілердің ақ түсті автокөлікпен қалай жасырынып жүргенін жазып алған. Жаңаөзен қаласының жолдары қатаң бақылауда, патрульдік полицияның күшейтілген жасақтары қаланы және оның айналасын патрульдеуде», - делінген хабараламада.

Бұған дейін Жаңаөзенде инкассаторларға қарақшылық шабуыл жасағанын хабарлаған болатынбыз.