#
#
Бейсенбі 09/07/2020

Пневмониядан 62 адам көз жұмды: Ақтөбе облысының әкімі үндеу жасады

  • 29.06.2020
  • 0
  • 203

Ақтөбе облысында пневмониядан 62 адам көз жұмды. Қазір 27 адам жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин тікелей эфирге шығып, халыққа жалпы ахуалды түсіндірді. 

«Облыста 109 науқас коронавирус инфекциясынан ем алып жатыр. Олардың 8-і – жансақтау бөлімінде, 2-еуі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Өңір зертханаларында 100 мыңнан астам адамның сынамасы сарапталды. Соның нәтижесінде індет жұқтырғандар қатары ерте анықталды. Карантинді жеңілдету, санитария талаптарының сақталмауынан соңғы екі аптада пневмонияға шалдыққандар саны күрт артты. Қазір провизорлар мен күндізгі стационарларда 1300-ден астам адам ем алып жатыр. Маусым айында 464 адам емделіп шықты. Өкініштісі, 62 адам көз жұмды. Басым бөлігінде ауруы асқынған. Осыған сәйкес бірнеше шара қолданылды», - деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.

Біріншіден, қосымша 1926 кереует дайындалды. Онда 1355 адам ем алып жатыр. Тағы 150 орындық емдеу мекемесін қосу жоспарда бар. 1 тамызға дейін қосымша 200 төсек-орын дайындалады. 

Екіншіден, емханалар жанынан ашылған күндізгі стационарлар күніне 100-200 адамды қабылдай алады.

«Түсіністік пен сабырлық танытып, дәрігерлерге демеу болайық. Сырттан келіп, ешкім көмек қолын созбайды, жәрдем бермейді. Бәрін өзіміздің дәрігерлер аман алып шығады. «Қырық жыл қырғын болса да, ажалды өледі» деген аталарымыз. Бұл – соңғы үкім емес. Жазылып шыққан адамдар саны басым. Мемлекет басшысының маған берген тәртіптік шарасын дұрыс деп есептеймін. Және де бұдан тиісті қорытынды шығарып, жұмысты одан әрі күшейте түсетін боламыз», - деді облыс әкімі. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар