Лондон тұрғыны Пабло Пикассоның 1944 жылғы «Әйел мүсіні» атты картинасын бүлдіргені үшін бір жарым жыл түрмеде отырады. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" Би-би-си агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Вандал 2019 жылдың 28 желтоқсанында Лондондағы Тейт Модерн галереясына қойылған картинаны бүлдірген. Ер адам танымал суретшінің туындысын баспалы құлыппен бірнеше рет ұрғылап, одан кейін картинаны шешіп алып, жерге лақтырған. Бұл оқиғадан кейін көрме ұйымдастырушылары туындыны көрсетілімнен алып тастауға мәжбүр болды.
Картинаны бүлдірген 20 жастағы Шакил Мэсси айыпталды. Сарапшылардың бағалауынша, өнер туындысына келтірілген шығын көлемі £20 млн құрап отыр. Оны қалпына келтіруге £350 жұмсалып, 18 ай уақыт қажет болады.
Пикассо «Әйел мүсінін» 1944 жылы, Парижде нацистік оккупацияның соңғы күндерінде салып бітірген.