2021 жылы PhD докторантураға қабылдау тәртібі электронды форматқа ауыстырылады. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Біз магистратураға қабылдауды жаңа форматта өткіздік. Бұл да көп мәселені шешіп берді деп айта аламыз. Келесі жылы PhD докторантураға қабылдау тәртібін де электронды форматқа ауыстырудың дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өйткені, PhD-ға қабылдау бойынша әлі де біраз проблемалар бар. Оны біз білеміз. Сондықтан бұл мәселені де шешуіміз қажет», - деді Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарат жиналысында.
Сонымен қатар ол ұстаздарды, оқытушыларды жұмысқа алу процедурасын тиісті деңгейге жеткізу, цифрландыру ұсынстарының орынды екендігін баса айтты.