Қазақстан сатып алатын Pfizer вакцинасының құнын өндіруші компания жария етуге рұқсат бермеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бұған дейін айтқанымдай, қазан мен қараша айында күтіп отырмыз. Барлығы Pfizer компаниясының жеткілізіміне байланысты. Бағасына қатысты айтар болсам, қазіргі уақытта Pfizer компаниясынан мәліметтерді жария етпеу туралы хат алдық. Сондықтан да бұл мәселе бойынша Pfizer компаниясына жүгіну қажет. Егер олар деректерді жария етуге рұқсат берсе, онда жария етеміз. Олай болмаған жағдайда, келісімшарт шарты бұзылып, вакцинаны жеткізу мерзімі де сақталмауы мүмкін. Сондықтан кез келген компаниямен жұмыс барысында келісімшартты сақтауға тиіспіз», - деді министр.
Алексей Цойдың айтуынша, Pfizer компаниясы Қазақстан вакцинаны қанша сомаға сатып алатындығын жариялауға рұқсат бермей отыр.
«Біз жеке сұраныс та жібердік. Оны жария еткіміз де келген. Бірақ, қазіргі уақытта компания бізге бұлай жасауға тыйым салып отыр. Компания бұл мәселені тағы қарастырады деп ойлаймыз. Бүгін мәліметтерді жария етуге қатысты тағы да келіссөз жүргіздік. Дегенмен, қазіргі уақытта бізде шектеу тұр. Сондықтан қалай мүмкіндік туындайды, бірден жария етеміз. Жалпы, өзге елдердегі бағамен бірдей. Бұл, компанияның баға саясаты», - деді Алексей Цой.