04 мам, 2017 сағат 06:11

Петропавл тұрғындары су басқан көшелерден балық аулап жүр (видео)

Петропавл қаласындағы суға кеткен Кожевенный завод ауылының тұрғындары автобус аялдамаларында отырып алып, көшеден балық аулауда, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Петропавл әлеуметтік желілерінде пайда болған бейнежазбада ер адамдар Кожзавод маңындағы аялдамада балық аулап отыр. Игорь Колесников жариялаған бейнені екі күн ішінде 11 мыңнан астам адам көрген.

Кожевенный завод аулын 25 сәуірге қараған түні су басып, санаулы сағаттарда ондаған үйлер суға кетті. Су деңгейі бірнеше күн бойы көтеріле берді. Салдарынан 150 үй су астында қалды.

Ауылды басқан су 10 күннен бері төмендемей тұр, сорғымен тартып жатқанына қарамастан, азаятын түрі жоқ. Тұрғындар су тасқынының екінші толқынын күтіп отыр, өйткені су деңгейі біртіндеп артып келеді екен.