Эпидемиологиялық мониторинг тобының жетекшісі Сәуле Оспанова КВИ жұқтырған ошақ анықталған кезде байланыста болған адамдарды анықтауда кедергі келтірмеуді сұрайды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Эпидемияға қарсы шаралардың стандарты бар, - деді Сәуле Оспанова онлайн баспасөз конференциясы кезінде. - Жаңа жағдай туралы хабар алғаннан кейін ақпарат жинау басталады. Бірінші кезеңде байланыста болған адамдар шеңберін анықтау үшін екі сағат беріледі. Яғни, науқас қай жерде орналасқаны, қалай өмір сүреді, жақын және потенциалды байланыста болғандар туралы деректер жинаймыз. Барлық 11 жағдайда оны екі сағаттың ішінде жинап үлгердік.
Дегенмен ол тұрғындардың әлі күнге дейін бұл дерттің қаншалықты қауіпті екенін түсінбейтіндігіне және салғырттық танытып отырғанына алаңдаушылық білдірді.
- Тұрғындар карантинді сақтағысы келмейтін сияқты бірден жақын араласқан адамдар туралы айтпайды, - дейді Сәуле Оспанова. - Мысалы, науқастардың бірі байланыста болған адамдар туралы ақпаратты бір апта бойы берді. Бұл жерде бірінші кезекте оның отбасы зардап шегеді. Себебі, сол адамдармен араласады. Кеше Мир көшесіндегі жатақханада ішімдік тұтынған адамдар болды. Медициналық қызметкерлердің жұмысына кедергі келтірді. Дәрігерлерге полиция қызметкерлері көмекке келді. Осыдан кейін ғана барлығы ауруханаға жатқызылып, вирусологиялық зерттеу жүргізілді. Нәтижесі бір тәуліктен кейін белгілі болады. Байланыста болғандар анықталды.
Еске сала кетейік, кеше Мир көшесі, 54/1 мекенжайындағы жатақхана карантинге жабылды. Бұл үйде тұратын 50 жастағы әйелде 14 сәуірде COVID-19 расталған.