05 нау, 2021 сағат 12:03

Павлодарлық бойжеткен қару кезенген қарақшыға тап берді (Видео)

Қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен 22 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды жергілікті Pavlodarnews.kz басылымы.

Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 1 наурыз күні ер адам қорқыту арқылы сатушыдан 120 мың теңгесін алып кеткен.

"Полицейлердің жедел іздестіруі нәтижесінде қылмыс бір сағат ішінде ашылды. Ал 22 жастағы Павлодар облысының тұрғынынан ұрланған қаражат тәркіленді", – деді ведомство басшысы Нұрлан Мәсімов.

Сонымен қатар, полицейлер ер адамның осыған ұқсас тағы бір қылмысқа қатысы бар екенін анықтаған.

Күдікті сол күні Кенжекөл ауылындағы "Керемет" дүкеніндегі сатушыға қару кезеніп, ақша алуға ұмтылған. Алайда бойжеткен өз өмірін қатерге тігіп, қарақшының тонауына мүмкіндік еш бермеген. Бейнеқабылау камерасына түсіп қалған видео әлеуметтік желілерде тарап, қызу талқыланды. 