Фото: Видеодан алынған кадр
Атырау қаласының Алмагүл шағынауданында 9 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатындағы подъезде электр сымдарының қысқа тұйықталуынан өрт шықты, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
9 қабатты тұрғын үйдің 2 және 3 қабатындағы электр қораптары өртенген.
ТЖМ күштері баспалдақ арқылы 7 адамды, оның ішінде 5 баланы құтқарды. 36 адам эвакуацияланды, оның ішінде 10 бала бар.
Өрт қысқа мерзімде сөндірілді, зардап шеккендер жоқ.
