Облыстағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты өңірдегі туристік маусымның ашылуы 15 маусымнан бастап белгісіз мерзімге қалдырылды. Туристік нысандардың жұмысы да әлі басталған жоқ, - деп хабарлайды Туризм және спортты дамыту басқармасы.
Павлодар облысының тұрғындары мен қонақтарынан жағдайға түсіністікпен қарауды және демалыс аймақтары мен халық көп жиналатын орындарға бармауды сұраймыз.
Туристік маусымның басталғаны туралы ақпарат қосымша жарияланатын болады.
Айта кетсек, өткен аптада, 1 - 7 маусым аралығында Павлодар облысында коронавирус жұқтырған 76 адам тіркеліп, науқастардың саны 36,7%-ға артты. Облыста карантин шараларын жеңілдетудің келесі кезеңі жұқтыру қарқыны 5 пайызға дейін төмендегенде жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр.