13 мау, 2020 сағат 07:50

Павлодарда бір жасар сәби мен 92 жастағы ақсақал коронавирус жұқтырды

Бүгін Павлодар облысында 35 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

COVID-19 он екі әйел мен он бес еркектен, 3 кішкентай қыз бен 5 ұл баладан табылған. 

35 науқастың ішінде 31 адам - Павлодар қаласының тұрғындары, екеуі - Екібастұздан, тағы екеуі - Шарбақты ауданының тұрғындары. Кейбіреулері - бір отбасының мүшелері. 

Сырқаттардың дене қызуы көтеріліп, тырныс алуы қиындаған, жөтел мен әлсіздік қысқан. Тамаққа тәбеті төмендеген. 

12 жасар балаға нақтыланбаған инфекциялық емес гастроэнтерит және колит диагнозы қойылған. 

51 жастағы әйел Алматыдан ұшып келген. Ауыра бастағанда ПТР тестілеуден өтіп, вирус жұқтырғаны белгілі болды. 

92 жастағы пациентке пневмония диагнозы қойылды. Қария бірнеше жылдан бері артериалды гипертензия, дисциркуляторлы энцефалопатия, церебральды атеросклероз ауруларымен есепте тұр. Екінші топ мүгедегі.

Он науқас бұрын ауырғандармен байланыста болған. 

Сырқаттар Павлодар мен Екібастұздың инфекциялық стационарларына жатқызылды. Жағдайлары бірқалыпты. 

Айта кетейік, өңірде 33 адамнан коронавирус инфекциясы табылған.