Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 12 адам туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
COVID-19 Екібастұз қаласының 10 тұрғынынан табылды, оның ішінде 1998 жылғы қыз және 1969, 1970, 1972, 1973, 1980, 1983, 1991, 1996 жылдары туылған сегіз ер адам мен кәмелет жасына толмаған 2008 жылғы қыз бала бар.
Сондай-ақ, коронавирус инфекциясын Павлодар қаласының екі тұрғыны жұқтырған, олар — 1980 жылғы ер адам, 1966 жылы туылған әйел адам.
12 адамның ішінде 11-і короновирус инфекциясын жұқтырған адаммен ықтимал қарым-қатынаста болса, біреуі жақын қарым-қатынаста болған.
Барлық жағдай бойынша байланыста болуы мүмкін адамдар тобы анықталып жатыр, оларды оқшаулау жұмысы жүргізіліп жатыр. Эпидемияға қарсы шаралар қолға алынған.
25 сәуір, сағат 10:15-тегі жағдай бойынша Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 88 адам тіркелген.