20 сәу, 2020 сағат 08:15

Павлодар облысында коронавирус анықталған 4 адамның үшеуі науқастармен қарым-қатынаста болған

COVID-19 вирусын Павлодар қаласының 2 тұрғынының жұқтырғаны анықталды, олардың бірі 1970 жылы туған әйел адам және кәмелет жасына толмаған 2009 жылғы қыз бала. Ал қалған екеуі - Екібастұз қаласының тұрғындары, олар - 1972 жылғы әйел және кәмелет жасына толмаған 2010 жылғы ұл бала, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

3 науқас өздеріне дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған. 

1972 жылғы әйел адам пневмония диагнозымен провизорлық бөлімшеге жатқызылған, COVID-19-дың ағзада бар-жоғын анықтауға алынған талдау (20.04.2020 ж.) вирустың жұқтырылғанын көрсетті. 

Барлығының қарым-қатынас жасаған ортасы анықталып жатыр, оларды оқшаулау жұмыстары жүргізілуде. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған. 

20 сәуірдегі жағдай бойынша Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 30 адам тіркелді.