24 сәу, 2020 сағат 11:00

Павлодар облысында коронавирус анықталған 4 адамның екеуі — кәмелетке толмаған қыз бала

Павлодар облысында коронавирус инфекциясын төрт адам жұқтырған, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

COVID-19 Екібастұз қаласының 3 тұрғынынан табылды, олар: 1984 жылғы әйел адам, сондай-ақ 2003 жылы туған және 2012 жылғы кәмелет жасына толмаған қыз балалар. 

Сонымен қатар, 1966 жылғы Павлодар қаласының тұрғынында COVID-19 коронавирус инфекциясы анықталды.

Екібастұз қаласының үш тұрғыны бұған дейін COVID-19 вирусы анықталған адамдармен қарым-қатынаста болған.

2020 жылғы 23 сәуірде 1966 жылғы Павлодар қаласының тұрғыны жедел жәрдемге хабарласып, дене қызуының жоғары екендігін, өзін әлсіз сезініп тұрғанын айтты. COVID-19-ға талдау сынама алынған, 2020 жылғы 24 сәуірде коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды. 

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде. Эпидемиологияғы қарсы іс-шаралар қолға алынған. 

Бүгінгі сағат 09:30-дағы жағдай бойынша Павлодар облысында коронавирус инфекциясымен ауырған 62 адам тіркелді.